"Қазақ жауынгері" WBA Asia чемпиондық белбеуін жеңіп алды (ВИДЕО)
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Елшат Нығметолла Алматыдағв бокс кешінде маңызды жеңіске жетті.
WBA Asia титулы сарапқа салынды
Жеңіл салмақтағы вакантты WBA Asia чемпиондық атағы сарапқа салынған жекпе-жекте Елшат Нығметолла филиппиндік Бенни Канетемен кездесті.
Кездесу он раундқа жоспарланып, толық қашықтыққа созылды. Жекпе-жек қорытындысында барлық төреші жеңісті қазақстандық боксшыға берді.
Осылайша Елшат Нығметолла WBA ұйымының аймақтық чемпиондық белбеуін иеленді.
"Қазақ жауынгері" кәсіби рингтегі 22-жеңісіне жетті
Бұл нәтиже Елшат Нығметолланың кәсіпқой бокстағы 22-жеңісі болды. Қазақстандық боксшының ендігі көрсеткіші – 22 жеңіс, үш тең нәтиже. Оның сегізі мерзімінен бұрын аяқталды.
Ал Бенни Канете кәсіби мансабындағы үшінші жеңілісіне ұшырады. Филиппиндік боксшының статистикасы 13 жеңіс, үш жеңіліске өзгерді. Ол да сегіз кездесуін нокаутпен аяқтаған.
Бастапқыда "Қазақ жауынгері" таиландтық Танес Онгджунтамен жұдырықтасуы тиіс болған. Бірақ 14 жеңісі мен екі жеңілісі бар боксшы жекпе-жектен бас тартты.