Сауль "Канело" Альварес қазақ боксшысына қоңырау шалды (ВИДЕО)

Жекпе-жек шолушысы
25.07.2026, 22:51

Мексикалық бокстың жарық жұлдызы Бек Нұрмағанбетті Алматыдағы бокс кешіндегі кезекті жеңісімен құттықтады.

instagram/@nurmaganbet.bek.kazbekuli

"Канело" Бек Нұрмағанбетке бейнеқоңырау шалды

Сауль Альварес Алматыдағы кәсіпқой бокс кешінен кейін қазақстандық боксшымен бейнебайланыс арқылы сөйлесті.

Мексикалық чемпион Бек Нұрмағанбетті сенімді жеңісімен құттықтап, алдағы жекпе-жектерінде сәттілік тіледі. Қазақ боксшысы өз кезегінде "Канелоға" қолдауы мен жылы лебізі үшін алғыс білдірді.

Қарсыласын бесінші раундта нокаутқа түсірді

Жартылай ауыр салмақта өнер көрсететін Бек Нұрмағанбет ресейлік Артыш Лопсанмен кездесті. Ол жекпе-жек барысында қарсыласына қысым жасап, бесінші раундта кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады.

Осылайша Нұрмағанбет кәсіпқой рингтегі 16-жеңісіне жетті. Оның 14 жекпе-жегі нокаутпен аяқталған.

28 жастағы Бек Нұрмағанбет кәсіпқой бокстағы мансабын 2020 жылы бастаған. Содан бері бірде-бір рет жеңілген жоқ.

Айта кетейік, қазақ боксшысы Сауль Альварестің спарринг серіктестерінің бірі саналады және оның командасымен жаттығып жүр.

Реклама
Реклама