Қуат Хамитов жалаң жұдырық айқасуға ұсыныс алды

Футбол шолушысы
Бүгін, 09:26

Bare Knuckle Fighting Championship ұйымы қазақстандық ММА файтеріне промоушенге қосылуға шақырған. 

NUR.KZ

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов мансабында жаңа қадам жасауы мүмкін. Спортшы жалаң жұдырық жекпе-жектер лигасы — Bare Knuckle FC ұйымынан ұсыныс түскенін хабарлады.

"Bare Knuckle FC турнирінде өнер көрсетуге ұсыныс алдым. Егер шарттар бойынша келіссек, күзде өзім үшін жаңа ұйымда жекпе-жек өткіземін", — деді Хамитов.

Осылайша 38 жастағы қазақстандық спортшы 2026 жылдың күзінде жалаң жұдырық айқаста дебют жасауы мүмкін.

Айта кетейік, ММА-да 2011 жылдан бері өнер көрсетеді. FightMatrix дерегіне сәйкес, оның рекорды — 26 жеңіс, 9 жеңіліс және 1 тең нәтиже.

Қазақстандық файтер соңғы ММА жекпе-жегін 2026 жылғы 14 ақпанда өткізді. Ол кезде "Найман" бразилиялық Алан Силваны төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңді.

BKFC қандай ұйым?

Bare Knuckle Fighting Championship — АҚШ-та құрылған промоушен. Ұйым кәсіби деңгейдегі қолғапсыз жекпе-жектер өткізеді.

BKFC айқастары арнайы дөңгелек рингте ұйымдастырылады. Лигаға бокс, ММА, кикбоксинг немесе муай-тай бойынша кәсіби тәжірибесі бар спортшылар қатыса алады.

Реклама
Реклама