Қазақстандық балуан әлем чемпионатында күміс медаль иеленді

Футбол шолушысы
Бүгін, 19:57

Грек-рим күресінің өкілі Әли Алмас 17 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатында жеңіс тұғырына көтерілді.

olympic.kz

Әлем чемпионатының финалындағы айқас

Бакуде өтіп жатқан U17 әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының балуаны Әли Алмас шешуші белдесуге дейін жетті.

Ол 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында ресейлік Солтан Юсуповпен кездесті. Белдесу 8:3 есебімен аяқталды. Осылайша Алмас әлем біріншілігінің күміс жүлдегері атанды.

Финалға қалай шықты?

Әли Алмас жарыс барысында үш қарсыласын жеңіп, финалға жолдама алған еді.

Алғашқы белдесуінде мадьярлық Бенедек Томборды 9:0 есебімен ойсырата жеңді. Келесі айналымда қырғызстандық Абдушукур Дурусалиевтен 8:0 есебімен басым түсті.

Жартылай финалда Армения намысын қорғаған Арарат Аветисянды 4:1 есебімен жеңіп, алтын медаль үшін күресуге мүмкіндік алды.

Реклама
Реклама