Конор Макгрегор Макс Холлоуэймен өткен жекпе-жек нәтижесіне наразы

Спорт шолушысы
Бүгін, 19:57

UFC ұйымының екі салмақ дәрежесіндегі экс-чемпионы Конор Макгрегор UFC 329 турнирінде Макс Холлоуэйден техникалық нокаутпен жеңілген кездесу нәтижесін өзгертуді талап етті.

ria.ru

Бес жылдан кейін октагонға оралды

11 шілдеде Лас-Вегастағы UFC 329 турнирінің басты жекпе-жегінде Конор Макгрегор мен Макс Холлоуэй кездескен. Бұл ирландиялық файтердің бес жылдық үзілістен кейінгі алғашқы жекпе-жегі болды. Макгрегор бұған дейін Дастин Порьеге қарсы үшінші кездесуінде аяғын жарақаттап, мерзімінен бұрын жеңілген еді.

Холлоуэйге қарсы айқаста да Конор жарақат салдарынан жекпе-жекті жалғастыра алмады. Кездесудің бастапқы бөлігінде тізесін зақымдаған Макгрегорға медициналық көмек қажет болып, төреші айқасты тоқтатты. Нәтижесінде Макс техникалық нокаутпен жеңімпаз деп жарияланды.

Макгрегор құрғақ мұзды кінәлады

Конор Макгрегор ресми нәтижемен келіспейтінін мәлімдеп, жарақатына файтерлерді таныстыру кезінде қолданылған құрғақ мұз себеп болғанын айтты. Оның сөзінше, арнайы әсерден кейін октагон төсенішінің бір бөлігі дымқыл болып қалған. Ирландиялық файтер секіріп орындалатын тепкі жасау кезінде тайып кетіп, тізесін сол сәтте жарақаттағанын алға тартты.

“Құрғақ мұздың салдарынан октагонның едені дымқыл болды. Сондықтан бұл жекпе-жек өтпеді деп танылуы керек. Келер жылы міндетті түрде кездесемі”, – деді Макгрегор.

UFC-ге қайта оралуға уәде берді

Жарақатына қарамастан Макгрегор мансабын аяқтау туралы ойламайтынын жеткізді. Ол толық қалпына келгеннен кейін октагонға қайта оралуға ниетті.

Берілген мәлімет бойынша, ирландиялық файтердің UFC-пен келісімшартында тағы бір жекпе-жек қалған.

Реклама
Реклама