Бақдәулет Ағабек өзбек балуанын жеңіп, әлем чемпионатының финалына шықты (ВИДЕО)

Жекпе-жек шолушысы
31.07.2026, 19:25

Қазақстандық еркін күрес шебері Бақдәулет Ағабек 17 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатының финалына жолдама алды.

olympic.kz

Әлем чемпионатының финалында күреседі

48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Түркістан облысының өкілі жарыс барысында сенімді өнер көрсетіп, финалға дейін төрт қарсыласын жеңді.

Қазақстандық балуан кезекпен тәжікстандық Муслихиддин Ходжиевты, болгариялық Эмир Жеватовты, моңғолиялық Темулен Усухбаярды жеңді. Осылайша Ағабек үш кездесуде де қарсыластарына ұпай бермей, мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Жартылай финалда өзбек балуанынан басым түсті

Финалға берілер жолдама үшін өткен белдесуде Бақдәулет Ағабек өзбекстандық Фарух Махмудовпен кездесті. Тартысты өткен белдесуде қазақстандық балуан 7:3 есебімен жеңіске жетті. Осы нәтижеден кейін Ағабек әлем чемпионатының алтын жүлдесі үшін күресуге мүмкіндік алды.

Финалдық белдесу 1 тамызға жоспарланған. Айта кетейік, қазақстандық балуан 2025 жылы 45 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының қола жүлдесін иеленген еді.

Реклама
Реклама