Жәнібек Әлімханұлы Хамза Ширазға сес көрсетті
Бұған дейін Дүниежүзілік бокс ұйымы Жәнібек Әлімханұлын Хамза Шираздың міндетті қарсыласы ретінде бекіткен болатын.
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы екінші орта салмақтағы WBO чемпионы Хамза Ширазға әлеуметтік желі арқылы кезекті үндеуін жолдады.
Қазақстандық боксшы британдық чемпионның шешіміне қатысты көп ұзамай нақты жауап белгілі болатынын меңзеді.
"Түнгі қорқыныш" деген сайын шынымен де боксшылардың түнгі қорқынышына айналып бара жатқан жоқпыз ба осы? Шын чемпион ба, жоқ па – бір-екі күнде белгілі болады. Күтейік!", – деп жазды Жәнібек.
Осылайша қазақстандық боксшы WBO чемпионының міндетті жекпе-жекке келісетін-келіспейтіні жақын арада шешілетінін аңғартты.
WBO Жәнібекті міндетті қарсылас деп бекітті
Бұған дейін Дүниежүзілік бокс ұйымы Жәнібек Әлімханұлын Хамза Шираздың міндетті қарсыласы ретінде бекіткен болатын.
Тараптарға жекпе-жек шарттары бойынша келісімге келу үшін 20 күн берілді. Бұл мерзім аяқталуға жақын. Егер екі боксшының командасы ортақ мәмілеге келе алмаса, жекпе-жекті ұйымдастыру құқығы промоутерлік саудаға шығарылуы мүмкін.
Шираз WBO шешімін сынға алды
WBO шешімінен кейін Хамза Шираз қазақстандық боксшының бұрынғы допинг дауын алға тартып, ұйымның әрекетіне наразылық білдірген еді.
"Шынымды айтсам, мұны әзіл деп санаймын. WBO-ның шешімі – бокс үшін ұят. Допинг сынамасынан оң нәтиже шыққан спортшыға мүмкіндік беріп отыр. Мұның мәнін түсінбеймін", – деген еді британдық чемпион.