Ол Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтіп жатыр.
Астанада ерлер мен әйелдер арасында қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогының финалы басталды.
Байрақты бәсекеге 20 мемлекеттен 300-ге жуық спортшы қатысып жатыр. Олардың арасында әлем, Еуропа, Азия чемпиондары мен халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері бар.
Айта кетейік, кіл мықтылар бас қосқан жарыста спортшылар «Сайыс», «Өзін-өзі қорғау» және «Өзін-өзі қорғау 1+1» дисциплиналары бойынша күш сынасады.