Қазақ файтерлері UFC турнирі алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті
22.11.2024, 11:54
Ол Қытайдың Макао қаласында ұйымдастырылды.
runasport.com
Қытайдың Макао қаласында UFC Fight Night турнирі алдында салмақ өлшеу рәсімі өтті. Бұл жарысқа көрші елде өмір сүретін этникалық қазақтар да қатысады.
Бірінші болып октагонға Мақсат Қайсар (10-3) шығады. Ол UFC-де екі рет жеңіске жетіп, екі рет қарсыласына есе жіберген. Енді Мақсат бразилиялық Николас Моттамен (14-5) жұдырықтасқалы жатыр. Екі спортшы да салмақ өлшеуден сәтті өтті.
Бұдан бөлек, кеште Road to UFC финалдарында Синьцзян қазағы Балғын Жеңісұлы (19-5) жекпе-жекке шығады. Ол оңтүстіккореялық Су Енмен (13-3) күш сынасады. Кездесу 5 минуттан 3 раундтқа жоспарланған.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама