Қазақ күресінен Әлем кубогы басталды

Редактор Penalty.kz
26.11.2024, 07:30

10 елдің үздіктері Түркістанда бас қосты.

qadam.asia

10 елдің үздіктері Түркістанда бас қосты. Көне шаһарда қазақ күресінен Қажымұқан Мұңайтпасовтың жүлдесіне арналған Әлем кубогы шымылдығын түрді. 

Дүниежүзілік додаға Қазақстан, Грузия, Польша, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Үндістан, Қытай, Әзербайжан және Моңғолия сияқты елдерден 100-ге жуық спортшы қатысып жатыр. 

Тартысқа толы жарыстың бірінші күні палуандар 5 салмақ дәрежесінде белдесіп, өзара мықтыны анықтайды. Ал, екінші күні 3 салмақ дәрежесіндегі жүлдере сарапқа салынады. Сонымен қатар «Түйе балуан» бәсекесінің жеңімпазын анықтайды. 

Жеңімпаз атанған балуандарға 500 мың теңгеден беріледі. Екінші орынға 300 мың, ал үшінші орынға 200 мыңнан қаржылай сыйақы қарастырылған. Сондай-ақ «Түйе балуанға» темір тұлпардың кілті табысталады. 

Айта кетейік, қазіргі таңда 40-тан аса елде қазақ күресінен федерациялар құрылып, кешенді жұмыс жүргізілуде. Жыл сайын ұлттық спортымыздан Әлем, Азия, Африка және Еуропа чемпионаттары өткізіліп тұрады.