8 желтоқсанда Лас-Вегастағы UFC 310 турнирінің басты жекпе-жегіне қатысушылардың ақысы туралы ақпарат жарияланды.
Қазақстандық жауынгер Шавкат Рахмонов ирландиялық Иэн Гэрриге қарсы жекпе-жек үшін $350 мың көлемінде гонорар алады. Ал жеңіске жетіп жатса, табысы тағы $100 мыңға артады.
Гэрри октагонға шыққаны үшін $150 мыңды қалтаға басады. Жеңген жағдайда $100 мың сыйақы қосылады.
Турнирдегі ең жоғары гонорар кештің басты жекпе-жегіне қатысушыларға беріледі. Бразилиялық Алешандре Пантожа $750 мың, ал жапондық Кай Асакура $500 мың табады