Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Ангелина Лукас Ыстамбұлда жеңіске жетті (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
09.02.2025, 09:28

Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас (12-1, 6 КО) Ыстамбұлдағы бокс кешінде жұдырықтасты.

@angelina_lukas1997
Реклама
Реклама

Ангелина Лукас (13-1, 2 КО) кезекті жекпе-жегінде венесуэлдық Джоана Суньиганы (18-8-1, 11 КО) жеңді. Сегіз раундқа жоспарланған айқас толық өтіп, төрешілердің шешімімен жеңіс Лукасқа берілді. Осылайша, ол кәсіби мансабындағы 13-жеңісіне қол жеткізсе, қарсыласы тоғызыншы рет жеңіліс тапты.

"Бүгін түнде Латын Америкасының мықты қарсыласына қарсы жекпе-жегім аяқталды. Оның тәжірибесінде көптеген жеңіс, соның ішінде нокауттар бар. Бұл кездесу сегіз раундқа созылды және әр раундта мен басым түстім!

Өте қуаныштымын және осындай тәжірибе мен қайтадан рингке шығу мүмкіндігі үшін шексіз алғыс білдіремін. Қолдау танытқан барша қазақстандықтарға мың алғыс! Соңғы сегіз күн ішінде екі жекпе-жек өткізіп, екі маңызды жеңіске жеттім.

Бұл тек басы ғана! Мақсатым – Қазақстанға жаңа титулдар әкеліп, ел боксы тарихына атымды жазу!" – деп жазды Лукас Instagram парақшасында, жекпе-жектің үздік сәттерін бөлісіп. 

Айта кетейік, Ангелина Лукас бұған дейінгі жекпе-жегін 31 қаңтарда Мәскеуде өткізген. Ол үшінші раундта нигериялық Айисат Орийомиді (9-1, 6 КО) мерзімінен бұрын жеңді.

 

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары