Боксшы рингте ауыр жарақат алып көз жұмды
09.02.2025, 20:05
1 ақпанда Англиядағы кәсіби бокс кешінде ирландиялық Джон Куни Ұлыбритания чемпионы атағы үшін британдық Натан Хоуэлспен жекпе-жек өткізіп, тоғызыншы раундта техникалық нокаутпен жеңілді.
sportrbc.ru
Жекпе-жектен кейін Джон Куни бірден жергілікті ауруханалардың біріне жатқызылды. Оған миға қысымды жеңілдету операциясы жасалды. Содан бір апта бойы реанимацияда болып, кейін өмірмен қош айтысты. Бұл туралы The sun порталы хабарлайды.
Куни мансабын 2020 жылы бастап бес жыл ішінде 12 жекпе-жек өткізді (11 жеңіс, оның үшеуінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті). Ол Хоуэллстен тұңғыш рет жеңілген болатын.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама