Әбиба Әбужақынованың татамиге қашан оралатыны белгілі болды

Редактор Penalty.kz
09.02.2025, 23:30

7-9 наурыз аралығында Австрияның Линц қаласында дзюдодан әлемдік Гран-при турнирі өтеді.

Qaz365.kz

Қазақстан атынан жарысқа Әбиба Әбужақынова бастаған 9 дзюдошы қатысады. Бұл туралы prosport.kz жазады. 

Құрам:

  • 60 кг: Орынбасар Талғат
  • 66 кг: Ботабай Нұрмұхамед
  • 73 кг: Барыс Қуан
  • 81 кг: Амангелді Мәди
  • 48 кг: Әбиба Әбужақынова
  • 52 кг: Толғанай Әбеуова
  • 57 кг: Дана Әбдірова
  • 63 кг: Самалай Ерғалиева
  • +78 кг: Әкерке Рамазанова

Бұл турнир Әбиба Әбужақынова үшін Париж Олимпиадасынан кейінгі екінші жарыс болмақ. Ол бұған дейін Әбу-Даби Гранд Слэм турнирінде қола медаль жеңіп алған.

Линц Гран-при турнирі 2023 жылдан бері өткізіліп келеді. Бұған дейінгі екі жарыста қазақстандық дзюдошылар жүлдеге іліге алмаған.

Айта кетейік, қазір  ұлттық құрама Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.