Қазақстандық боксшылар Сербияда 8 "алтын" алды

Редактор Penalty.kz
10.02.2025, 08:41

Жалпы командалық есепте отандастарымыз көш басында тұр. 

t.me/sportzhaily

Сербияда “Belgrade winner” халықаралық турнирі аяқталды. Қазақстан құрамасы оның қорытындысы бойынша 13 медаль еншілеп, жалпыкомандалық есепте қарсыластарын шаң қаптырды. 

Отандастарымыз қоржынға 8 алтын, 4 күміс, 1 қола медаль салып қайтты. 

71 келі салмақта бақ сынаған Нұрбек Мұрсал жарыстың үздік боксшысы атанды. 

Алтын медаль еншілеген боксшыларымыз: 

Нұрғиса Тұрабеков (48 келі)
Рамазан Нұрлыбаев (51 келі)
Нұрсұлтан Алтынбек (57 келі)
Жансері Көшербаев (60 келі)
Нұрбек Мұрсал (71 келі)
Санжарәлі Бегалиев (75 келі)
Дәурен Мамыр (86 келі)
Нұрасыл Асылхан (+92 келі)

Күміс медаль иеленген боксшыларымыз: 

Бексұлтан Боранбек (54 келі)
Илья Калинин (67 келі)
Бақберген Әлиасқаров (75 келі)
Ильяр Аширов (80 келі)

Қола медаль алған боксшымыз: 

Бекзат Мақжан (63.5 келі)