Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Майк Тайсон тарихтағы ең күшті боксшыны атады

Редактор Penalty.kz
13.02.2025, 15:01

Бір қызығы, америкалық кәсіпқой боксшы өзін тарихтағы ең күшті боксшы деп санамайды.

Caravan.kz
Реклама
Реклама

2005 жылы спорттық мансабын аяқтаған Тайсонның есімі әлемдік бокс тарихында мәңгі қалады. "Темір Майк" – өз саласының ең жарқын және үздік өкілдерінің бірі.

Тайсон өзінің кәсіби мансабында 56 жекпе-жек өткізді. Оның 50-ін жеңіспен аяқтады, 44-і нокаутпен аяқталды. Спорттағы ғаламат жетістіктеріне қарамастан, Тайсон өзін ең күшті боксшы деп есептемейді.

Fight Camp басылымына берген сұхбатында "Темір Майк" тарихтағы ең күшті боксшы ретінде өзінің отандасы, ауыр салмақта абсолютті әлем чемпионы Джордж Форманды атады.

"Мен оның күші мен ерлігімен теңесе алмаймын", – деді Тайсон.

Форман мансабында алғаш рет жеңіліс тапқан қарсыласы Мұхаммед Әли болды. 1974 жылдың 30 қазанында өткен жекпе-жекте, 8-раундта нокаутпен жеңілгенге дейін, Форман 40 кездесуінің барлығында қарсыласын тізе бүктірді.

Джордж Форман кәсіпқой бокста барлығы 81 жекпе-жек өткізіп, 76 рет жеңіске жетті, оның 68-і нокаутпен аяқталды. Ол мансабында 1968 жылғы Олимпиада ойындарының алтынын, WBC, WBA және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы және ауыр салмақта абсолютті әлем чемпионы атақтарын иеленді.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары