Данияр Елеусінов туралы жағымсыз жаңалықтар шықты

Редактор Penalty.kz
19.02.2025, 07:00

Олимпиада чемпионы, кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов 28 ақпанда Астанада өтетін бокс кешінде рингке шығуды жоспарлап отыр. 

фото ашық дереккөздерден алынды

Бірақ жекпе-жекке небәрі 10 күн қалғанына қарамастан ұйымдастырушылар Елеусіновтің қарсыласын әлі жариялаған жоқ. Бұл жағдайға қатысты Boxing Stars компаниясының басшысы Зия Алиев түсініктеме берді.

Даниярдың жекпе-жегі өтпей қалуы мүмкін бе?

"Мұндай қауіп әрқашан бар. Тек Данияр ғана емес, кез келген боксшы үшін мұндай жағдай орын алуы мүмкін. Бізде бір кезеңде Елеусіновтің денсаулығына байланысты жаттығу бастау мүмкіндігі болмады. Дегенмен ол кейін дайындықты қайта жалғастырды, қазір бәрі дұрыс сияқты. Осыған байланысты бірнеше қарсылас жекпе-жектен бас тартты. Біз жағдайдың анық-қанығын білу үшін күтуге мәжбүр болдық. Енді алдағы бір-екі күн ішінде қарсыласын ресми түрде жариялаймыз", — деді Алиев.

Елеусіновтің соңғы жекпе-жегі

Айта кетейік, Данияр Елеусінов соңғы жекпе-жегін 28 қыркүйекте Алматыда өткізді. Сол кеште ол филиппиндік боксшы Джое Нойнаймен (23-5-2, 11 KO) кездесіп, бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.