Жолдас Жеңісовтың кәсіпқой рингтегі келесі қарсыласы белгілі болды
19.02.2025, 16:00
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жолдас Жеңісов (7-0, 2 КО) өзінің келесі жекпе-жегін 23 ақпанда өткізеді. Бұл кездесу Ақтаудағы бокс кешінің аясында ұйымдастырылады.
RunaSport
Жолдастың бұл жолғы қарсыласы – Надир Балох (12-1, 9 КО) болады. Пәкістандық боксшы мансабында 12 жеңіске жетіп, оның 9-да қарсыласын нокаутпен ұтқан. Кездесу жартылай жеңіл салмақта өтеді және сегіз раундқа жоспарланған.
Жолдас Жеңісовтың соңғы кәсіпқой жекпе-жегі
Жеңісов соңғы рет кәсіпқой рингке 2023 жылдың 8 маусымында Шымкентте шықты. Сол кезде Өзбекстан өкілі Сохбозбек Толибжоновты (2-2, 1 КО) бірауыздан қабылданған шешіммен жеңді.
Кейін Жолдас желтоқсан айында Қазақстан чемпионатына қатысып, 1/8 финалда қарсыласына жол берді. Енді ол кәсіпқой мансабындағы жеңісті жолын жалғастыруға дайын.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама