Чемпион жаңа қарсыласпен жекпе-жек өткізуі мүмкін.
Орта салмақтағы қазақстандық боксшы, WBO және IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО), жеңіліс көрмеген британдық Хамза Ширазбен (21-0, 17 КО) рингке шығуы мүмкін. Бірақ бұл кездесудің алдында Шираз WBC белбеуін иеленуі тиіс. Ол үшін 22 ақпанда Эр-Риядта өтетін турнирде Карлос Адамеспен (24-1, 18 КО) күш сынасады.
X Fight Club 24/7 сарапшыларының пікірінше, орта салмақта үлкен жекпе-жектер қажет:
"Бұл дивизион ұзақ жылдар бойы тоқырауда болды. Карлос Адаместі жеңу Хамза Шираз үшін оңай міндет емес. Бірақ егер ол мұны жүзеге асырса, онда оған Жанибек Әлімханұлымен айқасу қажет. Бұл жекпе-жек бүкіл салмақ дәрежесін қайта тірілтуі мүмкін."
Сонымен қатар Жәнібек Әлімханұлы 5 сәуірде Астанада өз белбеулерін қорғауға дайындалып жатыр. Оның қарсыласы – француздық Анауэль Нгамиссенге.