Қазақстан дзюдосының жетістігі: Абылайхан Жұбаназар Grand Slam тұғырында

Редактор Penalty.kz
01.03.2025, 19:28

Абылайхан Жұбаназар Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан Grand Slam халықаралық турнирінде қола жүлдегер атанды.

sportarena.kz

81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Жұбаназар турнир қорытындысы бойынша тұғырдың үшінші сатысына көтерілді. Қола медаль үшін өткен кездесуде ол жапон балуаны Сотаро Фудживароны жеңді.

Абылайхан Жұбаназардың спорттық жетістіктері:

Туған күні: 5 ақпан 2000 жыл

Туған жері: Қызылорда

Негізгі жетістіктері: Grand Slam кезеңінің күміс жүлдегері (2023) Grand Slam кезеңінің үш дүркін қола жүлдегері (2023, 2024) 2023 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері, ҚР спорт шебері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері

Әлемдік рейтинг: 13-орын (2801 ұпай)

Абылайхан Жұбаназардың Tashkent Grand Slam – 2025 турниріндегі жолы:

  • 1/8 финал: Сунатулло Мусоев (Тәжікстан) – жеңіс
  • Ширек финал: Гаджимұрад Омаров (БАӘ) – жеңіліс
  • Жұбаныш белдесуі: Тимо Кавелиус (Германия) – жеңіс