Әлем чемпионы күтпеген жеңіліске ұшырады
01.03.2025, 21:28
Қазақстандық боксшы Теміртас Жүсіпов Болгарияның София қаласында өтіп жатқан "Странджа кубогы – 2025" жарысының жартылай финалында жеңіліс тапты.
RunaSport
48 кг салмақтағы жартылай финалдық жекпе-жекте Жүсіпов болгариялық Ергунал Сабримен кездесті. Төрешілер бірауыздан жеңісті ринг иесіне берді – 5:0.
Қазақстандық боксшы ширек финалда Әзербайжан өкілі Субхан Мамедовты жеңіп, жартылай финалға жолдама алған еді.
Жүсіпов – 2021 жылғы әлем чемпионы, Азия чемпионы (2013), Азия біріншілігінің қола жүлдегері (2019), Әлемдік әскери ойындардың жеңімпазы (2019), Әлем чемпионатының әскери санаттағы жеңімпазы (2021), WSB чемпионы (2015) және Қазақстанның сегіз дүркін чемпионы.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама