Асу Алмабаевтың UFC-дегі жекпе-жегі мерзімінен бұрын аяқталды (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
02.03.2025, 10:00

Қазақстандық файтер техникалық нокаутпен қарсыласқа есе жіберді.

NUR.KZ

АҚШ-та өткен UFC Fight Night 253 турнирінде қазақстандық файтер Асу Алмабаев пен португалиялық Манел Капе арасындағы жекпе-жек өтті. 

Жекпе-жек қалай өтті?

Үшінші раундта Асу Алмабаев қарсыласының ауыр соққыларына төтеп бере алмай, рефери жекпе-жекті тоқтатты. Осылайша, Алмабаев техникалық нокаутпен жеңіліп қалды.

Капенің жеңісі және статистика

Осы айқастың арқасында Манел Капе 21-ші рет жеңіске жетті. Оның еншісінде 7 жеңіліс бар. Ал Асу Алмабаев өзінің 21-ші жеңісіне жете алмай, үшінші рет жеңілді.

Рейтингтегі жағдайы

Жекпе-жекке дейін Капе UFC-дің аса жеңіл салмақтағы рейтингінде алтыншы орында, ал Алмабаев үздік сегіздікті түйіндеп тұрған еді. Аталған дивизионның қазіргі чемпионы — бразилиялық Алешандри Пантожа (29-5).

Еске сала кетейік, 2021 жылдың желтоқсанында дәл осы Манел Капе қазақстандық Жалғас Жұмағұловты бірінші раундта нокаутпен жеңген еді. Қазіргі таңда Жұмағұлов UFC-де өнер көрсетпейді.