Кикбоксшылар әлем кубогында 14 алтын медаль жеңіп алды

Редактор Penalty.kz
10.03.2025, 18:21

Италияның Лидо-ди-Езоло қаласында өткен кикбоксингтен әлем кубогында Қазақстан құрамасы жоғары нәтижеге қол жеткізді.

zon.si

Жарысқа 46 елден 429 спортшы қатысты. Қазақстандық спортшылар жалпы 14 алтын, 7 күміс және 6 қола медаль жеңіп алды.

Қазақстан құрамасы фулл-контакт бөлімінде жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды. Осы санатта чемпион атанғандар:

Алтын медаль иегерлері:

  • Нұрасыл Тілектесов (51 кг)
  • Бейбарыс Кенжетай (57 кг)
  • Аслан Асылбеков (60 кг)
  • Мұса Мерзиев (63,5 кг)
  • Батырхан Қуандыков (67 кг)
  • Мақсат Үсіп (71 кг)
  • Марғұлан Айдарұлы (75 кг)
  • Нұрсұлтан Жақыпов (86 кг)
  • Фазлидин Сафаров (+91 кг)
  • Гүлбану Саматова (70 кг)

Күміс медаль иегерлері:

  • Данияр Жарасов (57 кг)
  • Серікбол Ермеков (63,5 кг)
  • Лаура Нишанбай (56 кг)

Қола медаль иегерлері:

  • Ерсайын Шазында (67 кг)
  • Ибрагим Беков (86 кг)

Лоу-кик санатындағы жетістіктер

Алтын медаль:

  • Дінмұхаммед Баймұратов (54 кг)
  • Диас Карманов (57 кг)

Күміс медаль:

  • Алина Төлегенова (52 кг)

Қола медаль:

  • Алдияр Ермеков (63,5 кг)
  • Александр Сычев (63,5 кг)
  • Саят Тұрысбеков (71 кг)

К-1 санатындағы жеңімпаздар

Алтын медаль:

  • Әрсен Сойырқас (57 кг)
  • Мақсат Ерланұлы (75 кг)

Күміс медаль:

  • Жандос Назарбеков (60 кг)
  • Әли Әбутәлі (67 кг)
  • Берік Қалыков (71 кг)

Қола медаль:

  • Бибарыс Сауқанбек (63,5 кг)