Әлем чемпионы қарсыласын көзқарас дуэлінде шапалақпен салып жіберді (ВИДЕО)
12.03.2025, 04:08
Жартылай орта салмақтағы WBO чемпионы Теофимо Лопес (21-1, 13 KO) алдағы жекпе-жегін уақытша чемпион Арнольд Барбосамен (32-0, 11 KO) өткізеді.
instagram/@rinmagazine
Боксшылар Лос-Анджелестегі баспасөз конференциясында алғаш рет бетпе-бет кездесіп, жекпе-жек алдындағы көзқарас дуэлінде жанжал шығарды.
Алдымен Барбоса Лопестің басындағы шляпаны қағып жіберді. Осыдан кейін спортшылар итермелесе бастады, ал сәттер өте Лопес қарсыласына шапалақпен салып жіберді. Барбоса қарымта қайтармақ болғанда ұйымдастырушылар екеуін ажыратып, жанжалды тоқтатты.
Теофимо Лопес пен Арнольд Барбоса арасындағы жекпе-жек 2 мамыр күні Нью-Йоркте өтеді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама