Атақты спортшы жуырда омыртқа жарығына операция жасатқан еді.
Танымал ресейлік ММА жауынгері Александр Емельяненко әлеуметтік желідегі парақшасында омыртқа жарығына жасалған операция кадрларын бөлісті.
Бұған дейін спортшы омыртқа дискілерінің ажырап, жарық пайда болғанын мәлімдеген еді. Соның салдарынан аяқтарының жансыздануына әкеліп соққан.
11 наурыз күні Емельяненко операциядан кейін жанкүйерлерімен байланысқа шығып, хирургиялық араласудың видеосын жариялады.
Видеода дәрігерлер мойын омыртқасынан жарықтың үлкен бөлігін алып жатқанын көруге болады.
"Мен операция кезінде бейнежазба жасауын сұрадым. Шыны керек, алынған жарықтың көлемін көріп, қатты таңғалдым. Ол тура жұлынға қысым жасап келген. Маған ота жасаған дәрігерлерге, Склифосовский институтының бүкіл ұжымына алғысым шексіз!" – деді Александр.
Видео әлсіз және сезімтал адамдарға көруге ұсынылмайды!