Қырғызстан тумасы, танымал аралас жекпе-жек шебері Антонина Шевченко UFC тізімінен ресми түрде шығарылды.
40 жастағы Антонина Шевченко — UFC-де бес жыл өнер көрсеткен тәжірибелі файтер. Ол 2018 жылдан бері сегізбұрышқа шығып, ұйым аясында 8 жекпе-жек өткізді:
Антонина өз карьерасындағы соңғы жекпе-жекті 2022 жылдың шілде айында өткізіп, америкалық Кортни Кейсиді төрешілердің бөлек шешімімен жеңген болатын.
Антонина — UFC-дің ең жеңіл салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы Валентина Шевченконың үлкен әпкесі. Апалы-сіңлілі спортшы ММА әлемінде ерекше танымал және жарқын тұлғалар ретінде мойындалған.
Антонинаның техникалық стилі мен тай бокстан алған тәжірибесі оны октагонда ерекшелендіріп тұратын. Бірақ соңғы жылдары оның белсенділігі айтарлықтай төмендеді.
2023 жылы Антонина Шевченко сәбилі болып, өміріндегі жаңа кезеңге қадам басты. Ол ұл бала дүниеге әкеліп, спорттан біраз уақытқа алыстады. Бұл үзіліс оның UFC-дегі мансабына да әсер етсе керек.