Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы да сәтсіздікке ұшырады

Редактор Penalty.kz
26.03.2025, 16:05

Иордания астанасы Амманда өтіп жатқан 2025 жылғы Азия чемпионатында Қазақстанның ерлер құрамасы грек-рим күресінен тағы да ауыр жеңіліске ұшырады. Бұл — бір күн ішінде тіркелген қатарынан төртінші сәтсіз нәтиже.

sports24.kz

Шымкент тумасы Ілияс Гучигов 97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жарыс жолына шыққан болатын. Алайда алғашқы белдесуінде-ақ үндістандық Нитештен 0:9 есебімен ойсырай ұтылып, жартылай финалға жолдама ала алмады.

Айта кету керек, Нитеш — былтырғы U23 Азия чемпионатының финалисі.

Гучиговтың алдында үш отандасымыз да жарыстан ерте шығып қалған Олар: Бақытжан ҚабдұлӘділхан Сатаев және Мейіржан Шермаханбет. Бәрі де алғашқы белдесулерінде-ақ қарсыластарына есе жіберді.

Бұл нәтижелер Қазақстан құрамасының қазіргі ахуалын көрсетіп тұр. Азия құрлығындағы бәсеке күшейіп, әрбір жеңіс бұрынғыдан да қиынға түсуде.