Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Жас Головкин" рингке оралады: Виктор Темировтің келесі жекпе-жегі Германияда өтеді

Редактор Penalty.kz
26.03.2025, 17:10

Кәсіпқой бокста өз есімін қалыптастырып келе жатқан қазақстандық боксшы Виктор Темиров (6-0, 4 KO) сәуір айында Германияда кезекті жекпе-жегін өткізеді.

dknews.kz

24 жастағы қазақстандық боксшы Квакенбрюк (Германия) қаласында өтетін кештің аясында поляк спортшысы Матеуш Павловскимен (3-4, 2 KO) қолғап түйістіреді. Жекпе-жек бірінші орта салмақта өтіп, алты раундқа жоспарланған.

Жекпе-жекті ұйымдастырушылар шоуға қатысты афиша мен ресми анонсты жариялап үлгерді. Бұл Темировтің Еуропадағы танымалдығының артқанын көрсетеді.

Қазақстанда “Қасапшы” деген лақап атпен танымал Темиров Германияда “Жас Головкин” атанып кеткен. Себебі ол да Геннадий Головкин секілді кәсіби мансабын дәл осы елде бастап, жарқын жеңістермен көзге түсіп келеді.