"Қазақ стилі" нокаут пен "жер сілкінісіне" уәде етті

Редактор Penalty.kz
26.03.2025, 18:55

Орта салмақтағы WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы 5 сәуір күні Астанада өтетін жекпе-жекте француз Анауэль Нгамиссенге қарсы жеңісті ерте аяқтайтынына сенімді.

NUR.KZ

Жәнібек Әлімханұлы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында алдағы кездесуге қатысты батыл мәлімдеме жасады:

“Кейбіреулер 5 сәуірде менің екі белбеуімді тартып алады дейді. Бірақ сіздер жақсы білесіздер — 5 сәуірде үлкен нокаут болады, ол құлаған сәтте нағыз жер сілкінісі тіркеледі”, — деп жазды чемпион.

5 сәуір күні Астанада өтетін кеш — отандық және шетелдік жұлдыздар қатысатын ірі шоу болмақ. Кештің басты оқиғасы — Жәнібек Әлімханұлы мен Анауэль Нгамиссенге арасындағы чемпиондық айқас. Сонымен қатар рингке келесі боксшылар да шығады:

  • Сұлтан Зауырбек,
  • Батыр Жүкембаев,
  • Баходир Джалолов 

Әлімханұлы — орта салмақтағы ең қауіпті панчерлердің бірі. Оның "Kazakh Style" деп аталатын шабуылдаушы мәнері қарсыластарына дем бермейді.