Жарнама
Жарнама
"Жеңу үшін келдім": Юлия Путинцева Азия ойындары жайлы
sports24.kz

"Жеңу үшін келдім": Юлия Путинцева Азия ойындары жайлы

Жуырда Қазақстанның екінші ракеткасы Азиаданың үшінші айналымына жолдама алған болатын. 

Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева жуырда 2026 жылғы Азия ойындарының үшінші айналымына жолдама алды.

Екінші кезеңде қазақстандық теннисші Қытай Тайбэйінің өкілі Яи Янды екі сетте жеңді – 6:3, 6:1.

Матчтан кейін Юлия Путинцева кездесудің оңай болмағанын атап өтті.

"Шын мәнінде, қиын болды. Себебі жағдай мен үйренгендей емес еді. Матч жабық ғимаратта өтті. Тайбэйлік қарсыласым да өте жақсы ойнады. Жеңіске жеткеніме қуаныштымын. Бұл жерге келген соң, жеңу үшін келдім. Кем дегенде, сол үшін барымды саламын", – деді Путинцева.

Қазақстандық теннисшілер сәтті өнер көрсетіп жатыр

Бұған дейін ерлер арасындағы жекелей сында Александр Шевченко мен Тимофей Скатов та екінші айналымнан сәтті өтіп, үшінші кезеңге жолдама алды.

Ал Юлия Путинцева бұған дейін Анна Данилинамен бірге жұптық сайыста қиын матч өткізіп, келесі айналымға шыққан еді.

Жарнама
Жарнама