Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Банк "Қайрат" экс-бапкерінің көлігін тартып алмақ

Редактор Penalty.kz
14.04.2025, 22:00

Ресейлік банктің Александр Кержаковқа қарсы сотқа жүгінгені белгілі болды.

Vesti.kz
Vesti.kz

"Зенит" акционерлік банкі Санкт-Петербург қаласындағы Примор аймақтық сотына талап арыз жолдады. Бұл іске бұрынғы футболшы Александр Кержаковтың аты-жөні тікелей қатысы бар.

Санкт-Петербург соттарының баспасөз қызметінің жетекшісі Дарья Лебедеваның айтуынша, оқиға желісі былай өрбиді: 2016 жылдың желтоқсанында "Зенит" банкі Сергей Петухов есімді азаматқа 1,5 миллион рубль көлемінде несие беріп, AUDI Q3 маркалы автокөлікті кепілге қойған. Алайда Петухов несие төлемдерін дұрыс өтемей, 2019 жылы сот арқылы қарызы өндірілді. Соған қарамастан банк алдындағы міндеттемелер толық орындалмаған. Қазір оның қарызы 6 702 852 рубльге тең.

Банк өкілдері, Петухов кепілге қойылған көлікті Александр Кержаковқа сатып жібергенін анықтады. Осыған байланысты қаржы ұйымы соттан көлікті аукцион арқылы сатуға рұқсат сұрап, сол қаражатты Петуховтың қарызын жабуға бағыттауды талап етті. Сонымен қатар Кержаковтан 30 мың рубль көлеміндегі мемлекеттік баж салығын да өндіріп алмақ.

Айта кетейік, Александр Кержаков 2024 жылдың мамырынан қыркүйегіне дейін "Қайрат" футбол клубының бас бапкері қызметін атқарған. Бірақ клубтағы мансабы ұзаққа созылмады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 1

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір