
Футбол маңыздары Чемпиондар лигасының биылғы маусымында лондондық клубтың әлеуетіне қатысты тартысқа түсіп қалды.
Англия футболының аңыздары Дэвид Бекхэм мен Тьери Анри "Арсеналдың" биылғы Чемпиондар лигасындағы мүмкіндігін талқылау кезінде пікірталасқа түсіп қалды.
Шоу жүргізушісі «Арсеналдың Чемпиондар лигасындағы мүмкіндігі қандай?» деген сұрақ қойған сәтте, Бекхэм бірден былай жауап берді:
“Шынымды айтсам, аса мүмкіндік жоқ деп ойлаймын”.
Бірақ бұл пікір Анриге ұнамай қалды:
“Не айтып отырсың?!”, – деп таңданысын білдірді ол.
Әрі қарай да екеуінің диалогы күшейе түсті:
– Не айтып отырсың?
– Мүмкіндік жоқ.
– Қалайша?
– Аз ғана мүмкіндік бар шығар.
Айта кетейік, жанкүйерлер де “Реал” мен “Арсенал” арасындағы матчтың жеңімпазына қатысты қақ жарылған. Бірі «Арсеналдың» биылғы құрамына сенім артса, енді бірі тәжірибелі "Реалдың" басымдығын алға тартуда.
Естеріңізге сала кетейік, аталған командалардың қарымта кездесуі бүгін Испанияда өтеді.