
Алматының "Қайрат" клубы Қазақстан Премьер-Лигасының төртінші турында "Атырауды" 4:0 есебімен тізе бүктірді.
Ойынның бірінші минутында-ақ алматылықтар шабуылға көшіп, қарсылас қақпасына қауіп төндірді. Қорғаныстағы қателікті тиімді пайдаланған Дастан Сәтпаев есеп ашты. Арада көп өтпей Еркін Тапалов мергендігімен көзге түсіп, есепті еселеді — 2:0.
Екінші таймның басында Валерий Громыко айып алаңына дәл пас беріп, Александр Мартынович баспен гол соқты. Матчтың соңғы нүктесін Жоржиньо қойды — 4:0.
Бұл жеңістен кейін "Қайрат" 13 ұпай жинап, Қазақстан Премьер-Лигасының көшін жеке дара бастап тұр. Ал "Атырау" небәрі 3 ұпаймен оныншы орынға жайғасты.
"Қайрат" — "Атырау" 4:0 (2:0)
Голдар: Сәтпаев 1 (1:0), Тапалов 6 (2:0), Мартынович 50 (3:0), Жоржиньо 58 (4:0)