Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Күн ішіндегі екінші отставка: "Атырау" бас бапкерімен қоштасты

Редактор Penalty.kz
21.04.2025, 16:05

ҚПЛ-2025 маусымында "Атырау" футбол клубын жаттықтырған Константин Горовенко қызметінен кетті. Бұл – Қазақстан премьер-лигасындағы бір күн ішінде тіркелген екінші бапкерлік отставка.

kazfootball.kz
kazfootball.kz

Клуб басшылығы 48 жастағы қазақстандық маманның өз еркімен қызметінен кеткенін мәлімдеді. Бұл туралы ақпаратты KazFootball.kz жазады. 

Горовенко биылғы маусым басталар алдында “Атырау” тізгінін қолға алған еді. Ол командамен екі оқу-жаттығу жиынын өткізді. Бірақ нәтиже көңіл көншітпеді.

Бапкердің басқаруымен “Атырау” чемпионат аясында 6 матч, сондай-ақ бір кубоктық кездесу өткізді. Алайда бұл ойындардың тек біреуінде жеңіске жете алды.

Клубтың ресми мәліметінше, қазір бас бапкердің міндетін уақытша атқару Денис Мамоновқа жүктелді. Алдағы матчтарда дәл осы маман команданы алаңға бастап шығады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір