
Футболдан Қазақстан құрамасының экс-жаттықтырушысы Станимир Стойлов "Гёзтепемен" келісімшарт мерзімін ұзартты.
Станимир Стойлов "Гёзтепемен" арадағы келісімшартын мерзімін ұзартты. Құжатта бір жылға ұзарту мүмкіндігі де қарастырылған. Енді болгариялық маман 2026/27 маусымның соңына дейін өзінің қазіргі жұмысын жалғастыра бермек. Қазір түркиялық клуб Суперлигада алтыншы орынға жайғасқан.
Айта кетейік, осыған дейін Станимир Стоилов Қазақстан құрамасына оралуы мүмкін деген ақпарат шыққан еді. Енді бұл қауесетке осылайша нүкте қойылып отыр.
Стоилов 2014-2018 жылдар аралығында "Астананы" жаттықтырды. Сондай-ақ, 2018 бен 2019-жылдарда Қазақстан құрамасын баптаған болатын. Болгариялық бапкермен елордалық клуб қатарынан 4 жыл ҚПЛ-ді ұтып, отандық футбол тарихында тұңғыш рет ЧЛ топтық кезеңіне шықты.