
Қазақстан Премьер-Лигасының кезекті турында Петропавлдың "Қызылжары" Қостанайда "Тұранды" қабылдады. Ойын соңғы минутта шешуші голмен аяқталды.
Матч қарқынды басталды. Алдымен Нене Гбамбле есеп ашып, "Қызылжарды" алға шығарды. Бірақ көп ұзамай "Тұран" ойыншысы Игорь Стасевич таразы басын теңестірді. Тайм соңына таман Сенин Себаи тағы бір гол соғып, алаң иелерін үміттендірді — 2:1.
Екінші таймда түркістандықтар толық өзгеріп, шабуылға ден қойды. Бехрузбек Асқаров пен Лука Згурский кезекпен гол соғып, қонақтар ойын тағдырын өз пайдасына шешті. Әсіресе Згурскийдің 89-минуттағы голы шешуші сәтке айналды — 2:3.
"Қызылжар" (Петропавл) — "Тұран" (Түркістан) 2:3 (2:1)
Голдар: Гбамбле 36 (1:0), Стасевич 40 (1:1), Себаи 44 (2:1), Асқаров 67 (2:2), Згурский 89 (2:3).