
Қазақстандық бокстың тірі аңызы Серік Қонақбаев елдегі ең бай кәсіпкерлер тізіміне енді. Forbes Kazakhstan басылымының мәліметінше, әйгілі спортшының байлығы 93 миллион АҚШ долларына, яғни 48 миллиард теңгеге жуық деп бағаланған.
65 жастағы Қонақбаев бизнес саласында табысты кәсіпкер ретінде танымал. Ол "SSM Oil" ЖШС-нің 60 пайыз акциясына ие, бұл үлес оған "K-Global Invest" ЖШС арқылы тиесілі. Компания Қызылорда облысында көмірсутектерді барлау және өндірумен айналысады. Ресми сайттағы мәлімет бойынша, барлық жобалар сынақ пайдалану кезеңінде.
Сонымен қатар Қонақбаев "ARK Petroleum" ЖШС-де де үлеске ие. Бұл компания 2023 жылы Маңғыстау облысындағы Шалва кен орнын барлау және өндіруге арналған келісімшартқа қол қойған.
Серік Қонақбаев — кеңестік және қазақстандық спорт тарихында есімі алтын әріппен жазылған тұлға. Ол: