Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Қазақстандық боксшылар Бакудегі турнирдің финалында Ресеймен шайқасты: екі жеңіс және бір жеңіліс

Редактор Penalty.kz
15.04.2025, 21:17

Бакуде өткен халықаралық "Жібек жолы" турнирінде ерлер арасындағы финалдық жекпе-жектер аяқталды. Қазақстан намысын қорғаған үш боксшының екеуі алтын медаль иеленіп, бірі күміспен шектелді.

Instagram/@boxingkazakhstan
Instagram/@boxingkazakhstan

Бағлан Кенжебек — Ресейлік қарсыласын тізе бүктірді

54 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Бағлан Кенжебек финалда Ресей боксшысы Максим Кузнецовпен жұдырықтасты. Тартысты өткен жекпе-жекте төрешілердің шешімімен Кенжебек 4:1 есебімен жеңіске жетті. Бұл – Қазақстан үшін алғашқы алтын.

Нұрбек Мұрсал — сенімді жеңіс

71 келіде рингке көтерілген Нұрбек Мұрсал финалда тағы бір ресейлік боксшы — Игорь Свиридченковтан басым түсті. Жекпе-жек барысында Мұрсал толық үстемдік көрсетіп, 5:0 есебімен таза жеңіске жетті. Бұл жеңіс Қазақстан құрамасының екінші алтыны болды.

Санжаралы Бегалиев — финалда сүрінді

75 келі салмақта өнер көрсеткен Санжаралы Бегалиев финалда жергілікті боксшы Саиджамшид Джафаровпен күш сынасты. Әзербайжандық спортшы төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті — 0:5. Осылайша Бегалиев күміс жүлдемен шектелді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір