
2016 жылғы Олимпиада чемпионы, қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов АҚШ-тың Нью-Йорк қаласына келіп жетті.
Данияр өз Instagram парақшасында жанкүйерлеріне арнайы үндеу жолдады:
"Баршаңызға сәлем! Міне, Нью-Йоркке де жеттік. Енді бірнеше күн бойы бейімделу керек — мүмкін екі-үш күн, бәлкім бір аптадай уақыт алады. Бір-екі күнде жаттығуды бастаймыз”, – деді ол.
Спортшының бұл сапары жаңа бокс лигасындағы дебюттік жекпе-жегіне дайындықпен байланысты болуы мүмкін.
Бұған дейін хабарланғандай, Данияр Елеусінов UFC президенті Дана Уайт пен Сауд Арабиясының промоутерлері негізін қалаған жаңа бокстық лиганың құрамына қосылған. Қазақстандық боксшы аталған жоба аясында жаңа келісімшартқа қол қойған.