
Қазақстан ММА құрамасының бас жаттықтырушысы әрі UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жеке бапкері Баян Жанғалов спортшының Көкшетауға келуіне қатысты пікір білдірді.
Баян Жанғалов өзінің Instagram парақшасында:
"Әр ұлы жол алғашқы қадамнан басталады. Шавкат өз боксшы ретінде қалыптасқан Көкшетауға оралды. DAR TEAM — BZ клубында ол жас спортшылармен кездесті. Өз мысалымен олардың бойында табандылық пен өз-өзіне сенім үлкен жетістіктерге жеткізетінін көрсетті", — деп жазды.
Айта кетейік, Шавкат Рахмонов Баян Жанғаловтың жетекшілігімен 2013 жылы Әлем чемпионы атанса, 2014 жылы WMMAA нұсқасы бойынша әуесқой ММА-да Азия чемпионы болды. Дәл сол жылы болашағынан зор үміт күттірген спортшы Қазақстан Республикасының азаматтығын алған еді.
Қазір Шавкат Рахмонов UFC ұйымындағы жеңіліс көрмеген қазақстандық файтер ретінде әлемдік деңгейде танымал.