
Жуырда отандасымыз Нұрислам Ташмағанбет Иорданияда өткен құрлықтық біріншілікте жеңіс тұғырынан көрінген болатын.
Қазақстандық боксшы Нұрислам Ташмағанбет Амманда өткен Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алып, туған жері Баянауылға оралды. Оны тек туған-туыстары мен жанкүйерлері ғана емес, арнайы полиция кортежі де сән-салтанатымен күтіп алды.
70 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Ташмағанбет Азия біріншілігінің финалында өзбекстандық Ельшод Облакуловпен кездесіп, сенімді жеңіске жетті.
Чемпионды туған жерінде нағыз батырдай құрметпен қарсы алды. Полиция кортежімен ауыл ішінде жеңіс шеруі ұйымдастырылды. Бұл жағдай әлеуметтік желіде кеңінен таралып, халықтың назарын аударды.
Еске салайық, Иорданияның Амман қаласында өткен бұл Азия чемпионаты World Boxing ұйымының ресми қолдауымен алғаш рет ұйымдастырылды. Осы себепті де бұл турнир құрлықтық бокс тарихындағы ерекше бәсеке ретінде бағаланып отыр.