Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Астанадағы LRT автобустан да тыныш болады! Қытайлық вагондар неге ерекше?

Сарапшы, спорт журналисі
25.04.2025, 11:56

Астанада салынып жатқан жеңіл рельсті көлік (LRT) жобасына қатысты жаңа деректер белгілі болды. Қала тұрғындары арасында қызу талқыға түскен бұл жүйе қытайлық стандарттар негізінде жүзеге асырылып жатыр.

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy
Реклама
Реклама

LRT қаншалықты шулы болады?

Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының айтуынша, жоба дыбыс деңгейі бойынша халықаралық талаптарға сай келеді:

“Ішкі шудың рұқсат етілген шегі – 75 дБА (децибел акустикалық), ал сыртқы шекті деңгей – 80 дБА. Астанадағы LRT осы көрсеткіштерден аспайды”.

Салыстыра кетсек:

  • 75 дБА – кәдімгі шаңсорғыштың дыбысы секілді;
  • 80 дБА – терезе сыртындағы автобус шуы сияқты.

Шуды азайтатын технологиялар

LRT вагондары дыбыс оқшаулауға ерекше көңіл бөлінген:

  • 2-3 қабатты қалыңдатылған терезелер орнатылады;
  • Арнайы дыбыс жұтатын материалдар қолданылады;
  • Үлкейтілген диаметрлі дөңгелектер орнатылады, бұл да шуды азайтуға ықпал етеді.

Сонымен қатар, маршрут бойында тұтас дәнекерленген рельстер төселеді. Бұл дегеніміз – рельстер арасында буындардың болмауы, сәйкесінше доңғалақ пен рельс арасындағы соқтығыстан туындайтын шудың азаюы деген сөз.

Қытайдан – Астанаға

Астана әкімдігі Қытайдың Таншань қаласынан 19 вагонға тапсырыс берген. Бұл вагондар қазірдің өзінде Түркия мен Аргентинада қолданылып келеді және шу деңгейі мен сенімділігі жағынан жақсы нәтиже көрсеткені айтылды.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары