Астанада нөсер жаңбырдан кейін бірнеше көшені су басты. Әлеуметтік желі қолданушылары қаланың түрлі бөліктерінен видео мен суреттер жариялап, болған жағдайға қатысты пікір білдіріп жатыр.
Instagram желісіндегі Astana_sergek парақшасында жарияланған видеода көліктердің тізеден келетін судан баяу өтіп жатқан сәті бейнеленген. Бұл жағдай жүргізушілерге қиындық туғызған.
“Астанада жаңбыр жауса болды — қала суға кетеді” — деп жазылған бейнежазбаның сипаттамасында.
Белгілі қазақстандық блогер Денис Денски де Instagram парақшасында жаңбырдан кейінгі жағдайға қатысты пост жариялады:
“Бәрі бұрынғыдай. Таңғалатын түгі жоқ... Астанадағы көшелер тағы да суға кетті. Тұрғындар видеоны жариялап жатыр. “Хан Шатыр” маңындағы жерасты өткеліндегі су тізеге дейін жатады. Коммуналдық қызмет өкілдері көшеден суды сорып жатыр”, — деп жазды ол.
Желі қолданушылары бұл жағдайға еті үйренгенін ашық айтып жатыр:
деген пікірлер жазылған.