Шынайы жылдамдық хроникасы: 75 маусым, 75 оқиға
2025 жылы Формула-1 өзінің 75 жылдығын атап өтуде – дәл осыдан үш ширек ғасыр бұрын алғашқы әлем чемпионаты мәртебесіндегі жарыс Ұлыбритания Гран-приінде, Сильверстоунда өткен болатын. Аңыз осы жерде басталып – 75 жыл өткен соң, дәл сол трассада мерейтойлық маусым қайта жалғасып отыр.
Бұл аралықта Формула-1 үш ғасырдың ауысуын, механикалық болидтерден гибрид суперкомпьютерлерге дейінгі серпілісті, аңызға айналған пилоттар мен технологиялық төңкерістерді бастан өткерді. Ендеше 1950 жылдан бері әр маусымда не ерекше болды?
Бастау нүктесі: 1950-жылдар
- Формула-1 ресми түрде 1950 жылы дүниеге келді. Бұған дейін «Гран-при» форматындағы жарыстар өткенімен, дәл сол жылы бәрі бір чемпионат аясында біріктірілді. Алғашқы чемпион – Джузеппе Фарина («Альфа Ромео»).
- Командалар Екінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі болидтермен жарысқан, бірақ BRM командасы V16 турбонаддув жүйесімен жаңашылдыққа бет бұрды.
- 1951 жылы Феррари алғашқы жеңісіне жетсе, 1953 жылы Еуропадан тыс алғашқы Аргентина Гран-приі, ал 1958 жылы алғашқы Африка Гран-приі – Мороккода өтті.
- Бұл дәуірде Альберто Аскари, Хуан-Мануэль Фанхио, Майк Хоторн, Тони Брукс сынды есімдер жарқ етті.
1960-жылдар: Қауіпсіздік пен инновация
- 1961 жылы Стерлинг Мосс бастаған пилоттар қауіпсіздік пен құқық қорғау үшін кәсіподақ құрды.
- Джек Брэбэм өз командасын құрса, Колин Чэпмэннің Lotus ұжымы жаңашылдық символына айналды.
- 1964 жылы Хонда алғаш жапон зауыттық командасы ретінде F1-ге кірді.
- 1967 жылы Косуорт ДФВ қозғалтқышы дебют жасап, келесі 20 жылда 200-ден астам жеңіске қол жеткізеді.
- 1968 жылы демеушілік ливреялар мен алғашқы аэродинамикалық қанаттар қолданылды – бұл спорттың коммерциялық дәуірінің бастауы болды.
1970-жылдар: Экклстоун, Азия және коммерция
- 1971 жылы Берни Экклстоун Брэбэм командасын сатып алып, Формула-1-ді бизнеске айналдырудың жолын бастады
- 1974 жылы Ники Лауда Клэй Регаццонидің шәкірті ретінде «Феррари» командасына ауысты.
- 1976 жылы Ники Лауда ауыр апаттан кейін 40 күн ішінде қайта оралды – Джэймс Хантпен титул үшін күресіп, маусым тарихқа енді.
- Сол жылы алғашқы Азия Гран-приі Жапонияның Фудзи трассасында өтті.
- 1977 жылы Рено турбомотор дәуірін бастаса, Лотус 78 арқылы граунд-эффект технологиясы келді.
- Бұл жылдары Жиль Вильнёв, Марио Андретти, Карлос Ройтеман сынды есімдер алдыңғы қатарда болды.
1980-жылдар: Техникалық серпіліс пен аңыздардың туылуы
- 1981 жылы Конкорд келісімі бекітіліп, спорттың құқықтық және қаржылық негізі қалыптасты.
- 1983 жылы Нельсон Пике 1400 ат күшіндегі турбомоторымен чемпион атанды.
- 1984 жылы Айртон Сенна F1-дегі алғашқы жарысына қатысып, болашақ аңыз ретінде көзге түсті.
- 1988 жылы Сенна мен Просттың («Макларен») ішкі дуэлі басталды – MP4/4 болиді маусымның 15 жарысын жеңді.
- Эдриан Ньюи жобалаған болидтер аэродинамикалық төңкерістің бастамасы болды.
1990-жылдар: Жұлдыздар қақтығысы
- 1990 жылы Сенна Жапонияда Ален Простты трассадан ығыстырып, титулды жеңіп алды.
- 1992 жылы соңғы әйел жүргізуші –Джованна Амати стартқа шығуға тырысты.
- 1994 жылы Сенна Имолада қаза тапты, бұл спорт әлеміндегі ең ауыр сәттердің бірі болды.
- Сол жылы Михаэль Шумахер өзінің алғашқы чемпиондығын иеленіп, жаңа дәуірдің көшбасшысы атанды.
- Бұл кезеңде Жак Вильнёв, Дэймон Хилл, Герхард Бергер де F1 тарихында маңызды орын алды.
2000-жылдар: Ferrari үстемдігі және жаңа брендтер
- 2000–2004 жылдары Шумахер мен Феррари қатарынан бес титулмен абсолютті басымдық көрсетті.
- 2004 жылы Ред Булл Jaguar командасын сатып алып, ресми түрде F1-ге қосылды.
- 2007 жылы Макларен шпиондық жанжалға байланысты $100 млн айыппұлмен жазаланды.
- Фернандо Алонсо, Кими Райкконен, Фелипе Масса – осы дәуірдің негізгі тұлғалары.
2010-жылдар: Mercedes, гибрид және Ферстаппен
- 2010 жылы Мерседес зауыттық команда ретінде қайта құрылып, гибрид дәуірін бастады.
- 2014 жылы 1.6 литрлік турбо-гибрид қозғалтқыштар енгізіліп, Льюис Хэмилтон мен Нико Росберг команданы алға шығарды.
- 2015 жылы Макс Ферстаппен – 17 жасында дебют жасап, F1 тарихындағы ең жас пилот атанды.
- 2019 жылы Netflix-тің Drive to Survive деректі фильмі F1 аудиториясын жаһандық деңгейде кеңейтті.
2020–2025: Жаңа дәуір – AI және теңдік
- 2020 жылы COVID-19 пандемиясы маусымды бос трибуналарда өткізуге мәжбүр етті, Роман Грожанның Бахрейндегі апаты қауіпсіздік талаптарын қайта қарауға себеп болды.
- 2021 жылы Хэмилтон мен Ферстаппен арасындағы шайқас Абу-Даби финалында шешіліп, голливудтық сценарийге ұқсас аяқталды.
- 2023 жылы Ферстаппен 19 жеңіспен абсолют рекорд орнатып, Ред Булл командалық басымдық танытты.
- 2025 жылы алғаш рет барлық командалар біріккен таныстырылымда маусымалды болидтерін көрсетті, ал жасанды интеллект жүйесі трасса шекараларын бақылауға енгізілді.
Формула-1 – бұл тек жарыс емес, бұл инновация, аңыздар және адам ерік-жігерінің шыңы. 75 жылда спорт Фаринадан Ферстаппенге, отыннан электроникаға, рөлдегі механикалық берілістен жасанды интеллектке дейінгі эволюциядан өтті.