Автосервиске ақша шашпа! Бұзылмайтын көліктер тізімі
Автокөліктердің арасында бар сән-салтанатты ұмытып, тек темірдей сенімділікке сүйенетін үлгілер бар. Олар үшін басты мақсат – көздің жауын алу емес, жылдар бойы мініп, шеберхана көрмей жүру. Осындай "ең төзімді" бес модельді назарларыңызға ұсынамыз.
5-орын — Toyota Corolla E150
Шыққан жылдары: 2006–2013
Артықшылығы: Жоғары жүріс қорына бейжай қарайтын қозғалтқыш
Toyota Corolla E150 — нағыз «ұмытып кететін» көлік. Яғни оны мініп жүресіз де, техникалық ақау туралы ойламайсыз. Атмосфералық 1.6 литрлік 1ZR-FE моторы – турбинасыз, шынжырлы және сенімді. 92-бензинмен жүреді, майды қалыпты мөлшерде ғана тұтынады.

Беріліс қорабы – қарапайым, бірақ “өлмейтін” механика және Camry XV30-дан таныс U341 автоматы. Интерьері Spartan стилінде, бірақ бұл машина 300 мың км жүрсе де, −30°C-та да мүдірмей оталады.
4-орын — Mitsubishi Lancer IX
Шыққан жылдары: 2003–2010
Артықшылығы: Қарапайымдылық пен «өлмейтін» трансмиссия
Lancer 9 – бұл сенімділік пен қарапайымдылықтың символы. 1.6 литрлік 4G18 моторы – атмосфералық, белдікті. Оны гаражда бір кеште ауыстырып алуға болады. Трансмиссия – классика: 4 сатылы F4A42 автоматы немесе 5 сатылы механика. Ешқандай вариатор жоқ.

Иә, аспа бөліктері жиі ауысады: втулка, рычагтар – шығын бөлігі. Бірақ жалпы жүйе – бұзылмайтын деңгейде.
3-орын — Renault Logan I
Шыққан жылдары: 2004–2013
Артықшылығы: Қарапайым және қызмет көрсетуге жеңіл
Renault Logan – ауылда да, қалада да, таксиде де жүре беретін көлік. Моторлары – 1.4 және 1.6 атмосфералық. ГРМ белдігін 10 жылда бір ауыстырасыз. Тіпті үзілсе де, клапан иілмейді.

Қорабы – тек механика, әрі өте сенімді. 300 мың км-ге дейін жөндеусіз жүре алады. Клиренсі жоғары, аспасы ұзын – жартылай кроссовер десе де болады.
2-орын — Volkswagen Golf IV
Шыққан жылдары: 1997–2004
Артықшылығы: Неміс сапасы мен қарапайымдылықтың үйлесімі
Golf 4 – нағыз «неміс қарапайымы». 1.6 MPI (AEH немесе AKL сериясы) моторын таңдаңыз – әрі қарай уайым жоқ. Бұл атмосфералық қозғалтқыштар – “өлмейтін” түрден. 500 мың км – түк емес.

Қорап – гидротрансформаторлы автомат немесе мызғымайтын механика. Кузов мырышпен қапталған – тот баспайды. Осы машинаны Nokia 3310-пен салыстыруға болады: сынбайды, істей береді.
1-орын — Toyota Camry XV30
Шыққан жылдары: 2001–2006
Артықшылығы: Жоғары комфорт пен “темірдей” сенімділік
Camry XV30 — көлік нарығының аңызға айналған моделі. 2.4 литрлік 2AZ-FE моторы тіпті май жесе де, 500 мың км жүргенге лайық. Шынжырлы, қарапайым, сенімді.

Автоматы – Aisin U241E. Ескі маймен де жұмыс істей береді, жөндеу арзан. Салоны кең, терісі жарылмайды, аспасы жұмсақ. Бұл көлік – мініп алып, автосервис дегенді ұмыту үшін.
Барлық модельдерге ортақ артықшылықтар:
- Атмосфералық қозғалтқыштар – турбинасыз, қарапайым
- Классикалық трансмиссиялар – сенімді автоматтар мен механика
- Қарапайым конструкциялар – гаражда да қызмет көрсетуге болады
- 500 000 км-ге дейін ресурс – нақты тексерілген