Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Қазақстанда самокат компанияларына ультиматум қойылды

Сарапшы, спорт журналисі
29.08.2025, 16:05

Мұндай шешім елімізде апаттар мен жол ережесін бұзушылықтардың көбеюіне байланысты қабылданды.

sxodim.com
Реклама
Реклама

Қазақстан Ішкі істер министрлігі жолдағы қауіпсіздікті күшейту мақсатында электрсамокаттарды полиция бақылауына алатынын мәлімдеді. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Ведомствода кикшерингілік компаниялармен (Jet, Яндекс, Woosh, Bolt және Біріңғай микромобильділік операторы – EOM) арнайы кеңес өтті. Жиында жол-көлік оқиғаларының артуы, құқықтық реттеудің әлсіздігі және тәртіп орнату шаралары талқыланды.

Қойылған талаптар

Кеңес қорытындысы бойынша самокат компанияларына бірқатар нақты талаптар қойылды:

  • Полициямен бірлескен мобильді патрульдік топтар құру;
  • Құқық бұзушылықтардың алдын алу;
  • Ретсіз қалдырылған самокаттарға тосқауыл қою.

Сонымен қатар, техникалық міндеттер де бекітілді:

  • Арнайы тұраққа қоймайынша сапарды аяқтау мүмкіндігін бұғаттау;
  • Жаяу жүргіншілер аймақтарында, саябақтарда, жағалауларда және бұқаралық іс-шара өтетін орындарда самокаттардың жұмысын автоматты түрде шектеу.

Қауіпсіздік статистикасы

ІІМ дерегінше, 2025 жылы Қазақстанда электрсамокаттардың қатысуымен 213 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 224 адам жарақаттанған. Оның ішінде:

  • 42 апат – самокат жүргізушілерінің кінәсінен;
  • 52 адам жараланған.

Барлық апаттың 95%-ы Алматыда болған.

Министрлік ұстанымы

ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайрат Сұлтанбаев мәселені қатаң сынға алды:

«Жол қозғалысы туралы заңға өзгерістер енгізілгеніне екі жыл болса да, айтарлықтай ілгерілеу байқалмайды. Бұзушылықтар күн сайын тіркелуде. Ал кикшерингілік компаниялардың қауіпсіздік бағытындағы жұмысы әлі де күткен нәтижеге жетпей отыр», – деді ол.

Жол ережесін бұзушылықтар

Жыл басынан бері самокат жүргізушілерінің 20 мыңнан астам заң бұзушылығы анықталған:

  • 6 жағдай – мас күйінде басқару;
  • 10 мыңға жуық айыппұл – жол қозғалысы ережелерін бұзу;
  • ондаған жағдай – ата-аналардың балаларға самокатпен жолға шығуға рұқсат беруі.

Бұл бұзушылықтардың 76%-ы Алматыда тіркелген. Қалада 7 435 жағдай ресми тіркеуге алынған.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары