Мамандар қара және көк түсті көліктерден аулақ болуға кеңес береді. Себебі бағаға тек жүріс пен жағдай емес, түс те әсер етеді.
NexusMedia компаниясы EasySearch деректері негізінде жүргізген зерттеу нәтижесі көліктің түсі оның нарықтағы құнын едәуір өзгертетінін көрсетті.
2025 жылы бес жылдық орташа амортизация деңгейі 45,6%-ға дейін өскен. 2023 жылы бұл көрсеткіш 38,8% болған.
Ал электромобильдер өз құнының шамамен 60%-ын жоғалтқан.
Орташа құн жоғалту деңгейі: 27,11%
Орташа ақша шығыны: 12 449 АҚШ доллары
Көк түсті көліктер қайта сатылымда ең көп арзандайтын топта.
Kelley Blue Book дерегінше, мұндай көліктерді таза ұстау қиын: су дақтары, сызаттар мен шаң тез байқалады.
Соған қарамастан Edmunds ақпараты бойынша көк түс былтыр нарықтың 9%-ын құрап, ең танымал бес түстің бірі болып қалды.
Орташа құн жоғалту деңгейі: 23,30%
Орташа ақша шығыны: 10 804 АҚШ доллары
Қара түс көлік иелері арасында ең кең таралғандардың бірі (Edmunds мәліметі бойынша, нарықтың 22%-ы).
Алайда зерттеу нәтижесі қара көліктердің бағасы басқа түстерге қарағанда жылдам төмендейтінін көрсетті.
Сатып алушылар қара түстің сәнділігін бағалағанымен, қайта сату кезінде сұраныс төмен.
Сонымен қатар қара көлік шаң мен кірді тез жинайды — жуу аяқталғаннан кейін-ақ қайта ластана бастайды.
Қызыл: орташа құн төмендеуі — 21,6%
Күміс: 21,3%
Ақ: бар болғаны 18%
Ақ және күміс түстер қайта сатуда ең тұрақты болып шықты.
Ақ түс — ең танымал, нарықтағы үлесі 25%.
Бұл түстер көлікті таза ұстауға оңай және эстетикалық тұрғыдан да сұранысқа ие.