Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Ақтөбеде таксист 8 жасар қызды қағып кетті

Сарапшы, спорт журналисі
28.10.2025, 17:00

Қазір полиция тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Сурет Chat gpt көмегімен жасалған
Реклама
Реклама

Ақтөбеде түнгі уақытта жантүршігерлік жол апаты болды — такси жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде 8 жасар қыз баланы қағып кетті. Оқиға 25 қазан күні Әбілхайыр хан даңғылында болған. 

Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбада Chevrolet маркалы такси көлігі жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан қызды үлкен жылдамдықпен қағып өткен сәт анық көрінеді. Соққының қатты болғаны сонша бала бірнеше метрге ұшып кеткен.

Осыдан кейін жүргізуші жолдағы тағы үш автокөлікпен соқтығысқан.

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қыз бала мен Chevrolet жүргізушісі түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілген. Қазіргі уақытта олардың жағдайы орташа ауыр деп бағалануда.

«Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша тергеу басталды. Барлық мән-жайлар анықталып жатыр», — делінген Полиция департаментінің хабарламасында.

Құзырлы орган өкілдері жүргізушілерге жылдамдықты шектеу мен сақтық шараларын қатаң сақтау қажеттігін еске салды.

«Жол ережесін сақтау — жолдағы әр адамның өмірі мен қауіпсіздігінің кепілі», — деді полиция департаментінің өкілдері. 

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары