Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Төрт адам зардап шекті: Алматы-Өскемен тасжолында екі көлік соқтығысты (видео)

Сарапшы, спорт журналисі
29.11.2025, 12:14

Жетісу облысында тасжолда екі көліктің қатысуымен жол апаты болды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан төрт адам зардап шекті.

Жол апаты. Видеодан кадр: t.me/krispastana
Реклама
Реклама

Kris_p_astana Telegram-каналында оқиға орнынан видео жарияланды. Бейнежазбада Алматы-Өскемен тасжолында соқтығысып қалған екі көлікті көруге болады.

Жетісу облысы полиция департаментінің өкілдері KAZ.NUR.KZ редакциясына пікір білдіріп, оқиғаның мән-жайын хабарлады. Тәртіп сақшыларының ақпаратына сәйкес, Honda жүргізушісі жолдың қарсы жолағына шығып, BMW көлігімен соқтығысқан.

"Жол апаты салдарынан зардап шеккен төрт адам ауруханаға жеткізілді. Полиция қызметкерлері оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталуда", - делінген ПД хабарламасында.

Полиция жүргізушілерге жол жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

Ескерту! Видеоны кәмелетке толмағандар, аяғы ауыр келіншектер мен психикасы тұрақсыз жандарға қарамаған жөн.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары