Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Астанада қандай тұрақтар тегін болады

Сарапшы, спорт журналисі
22.12.2025, 22:53

Астана әкімдігі қалалық тұрақ жүйесіне өзгеріс енгізбек. Енді әлеуметтік нысандардың маңындағы бірқатар тұрақ орны тегін болуы мүмкін. Бұл туралы елорда әкімі Жеңіс Қасымбек брифингте мәлімдеді.

inbusiness.kz
Реклама
Реклама

Әлеуметтік нысандар маңындағы тұрақтар тегін болуы мүмкін

Әкімнің айтуынша, қаладағы барлық тұрақ орны әкімдік қарамағына өткен. Осыдан кейін билік тарифтер мен тұрақ кеңістігін қайта қарап жатыр.

«Ең алдымен барлық әлеуметтік нысандардың – мектептердің, ауруханалардың, поликлиникалардың және тұрғындар күн сайын баратын мекемелердің алдына тегін тұрақ ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз», – деді Жеңіс Қасымбек.

Әкім бұл тек жекелеген көше не бір-екі алаңға қатысты өзгеріс емес, жүйелі тәсілдің жаңаруы екенін атап өтті. Оның сөзінше, бірқатар орын толығымен тегін болуы ықтимал.

Неге қала орталығында ақылы тұрақ сақталады?

Қала басшысы орталық көшелердегі ақылы тұрақтан бас тарту жоспарда жоқ екенін айтты. Себебі бұл аумақтарда көлік ағыны жоғары, кептеліс жиі қалыптасады.

«Орталықта, әсіресе жүктемесі жоғары көшелерде ақылы тұрақ сақталады», – деді әкім.

Әкімдік логикасы бойынша, мұндай шешім жүргізушілерді ең тығыз аймақтарда көлікті ұзақ уақытқа қалдырмауға ынталандыруы тиіс.

Минут сайынғы төлем болмайды: оның орнына тегін уақыт беріледі

Жеңіс Қасымбек бұған дейін талқыланған минут сайынғы тарификация мәселесіне де тоқталды. Оның айтуынша, Астанада мұндай формат енгізілмейді.

«Минут сайынғы төлем болмайды. Оның орнына дифференциалды тәсіл қолданылады: кей аумақтарда 15 минут, жарты сағат немесе 1 сағатқа дейін тегін уақыт беріледі. Бұл – локация мен жүктемеге байланысты», – деді ол.

Яғни жоспарланған модель халықаралық тәжірибеге жақындау. Қысқа аялдау – тегін, ал жүктемесі жоғары орындарда ұзақ тұрақтау – ақылы.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары